Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған павлодарлық қайта құқық бұзушылық жасады
Шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан павлодарлық тәртіп бұзып, соттың шешімімен жазасын темір тордың арғы жағында өтейтін болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласының учаскелік полиция инспекторларының есебінде шартты түрде мерзімінен бұрын босату бойынша бостандыққа шыққан 55 адам тұр.
Әрқайсысына сот бірқатар міндеттерді жүктеді: ішкі істер органдарының рұқсатынсыз елді мекеннен кетпеу, үйде сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін болу, тіркеуге үнемі келу, алкогольді ішімдік ішпеу және қандай да бір бұзушылықтар жасамау.
Бірақ соған қарамастан белгіленген талаптарды бұзатындар кездеседі.
Мысалы Екібастұздың 30 жастағы тұрғыны 3 жыл 11 айға шартты түрде мерзімінен бұрын өтелмеген мерзімге босатылды. Ер адам бір ай бойы шектеулерді сақтады, бірақ қараша айында үйдің ауласында ол ұсақ бұзақылық жасады. Өзгелерді балағаттады және жанжал шығарды.
Сот ер адамды 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алып, ескерту жасады. Ескертуге қарамастан, наурыз айында ер адамды көпқабатты үйдің ауласында ішімдік ішкен жерінен байқаған. Ол үшін айыппұл салынды.
Сонымен қатар тұрғылықты жері бойынша бірнеше рет тексерулер кезінде үйінде болмады, осылайша шектеулерді бұзды. Ал мамыр айында ер адам азаматтардың тыныштығын бұзып, біреудің үйіне еркінен тыс кіргісі келді.
– Соттың шешімі бойынша ер адам қайтадан қоғамнан оқшауланып, қазір жазасын өтеп жатыр. Құқық бұзушылар көбінесе өздерін ақтайды, бірақ белгіленген ережелерді сақтау қажет. Екібастұзда жыл басынан бері сотқа алушыларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы 4 материал жіберілді, ал бас бостандығынан айыру орындарына бір режимді бұзушы қайтарылды, – дейді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.