Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының полицейлері жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушіні ұстады

Ақтөбе облысының полицейлері жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында Ақтөбе – Астрахань тасжолы бойында Алға ауданының Бестамақ ауылының маңындағы полиция қызметкерлері көлік құралын масаң күйде басқарған Ваз-2121 автокөліктің жүргізушісін ұстады, ол өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Сонымен қатар медициналық куәландырудан өткізу барысында жүргізушінің орташа дәрежелі алкогольдік масаң күйде екені анықталды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында жүргізуші ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша бірнеше рет жауапкершілікке тартылғаны және көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Автокөлік Алға полиция бөлімінің айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру