Жамбыл облысында полицей-психологтар ІІО қызметкерлерінің отбасыларында моральдық ахуалды жақсартуға бағытталған жаңа әдістемені енгізді
Жамбыл облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының психологы ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларында моральдық ахуалды жақсартуға бағытталған жаңа әдістемені енгізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда отбасылық зорлық-зомбылық бүкіл әлемдегі ең өткір әлеуметтік мәселелердің бірі. Психолог маман полицейлердің отбасыларында осындай жағдайларды болдырмау мақсатындағы жұмыстарды күшейтті.
Таңдалған мамандық көп уақытты жұмыста өткізуге міндеттейді, сондықтан қызметкерлер ең жақын адамдарына көп көңіл бөле алмайды.
Полиция психологы қызмет басшыларымен бірге жеке құрамның отбасыларына жиі барып, әйелдерімен сөйлесіп, отбасындағы ахуалды зерделеуде.
Бұл форматтағы жұмыс отбасылық және тұрмыстық жанжалдардың алдын алудың бір бөлігі.