Алматы облысы ПД-да жедел қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл бағдарламасы талқыланды
Алматы облысы ПД-да жедел қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл бағдарламасы талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шұғыл қызметтер арасындағы тиімді өзара іс-қимыл жөніндегі бағдарламаны “Asator”компаниясы Алматы облысының полицейлеріне таныстырды.
Тұсаукесерге облыстық полиция департаментінің өкілдері ғана емес, Төтенше жағдайлар департаментінің, Ұлттық ұланның, жедел жәрдем станциясының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері де қатысты.
– Hytalk – бұл әртүрлі шұғыл қызметтер мен ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға арналған заманауи коммуникациялық шешім. Жүйе қауіпсіз және жедел хабар алмасуды, деректерді беруді және әрекеттерді үйлестіруді қамтамасыз етеді. Жүйе құпиялылықты қамтамасыз ету және берілетін деректерді қорғау үшін шифрлаудың заманауи әдістерін қолданады, – деп “Asator” компаниясының өкілдері бағдарламаны таныстырды.
Бағдарламаны әр қызметтің нақты қажеттіліктері мен талаптарына бейімдеуге болатындығы, сондай-ақ инфрақұрылым өсіп, дамыған сайын оңай масштабтауға болатындығы атап өтілді.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында Ішкі істер органдарының бөліністері деректер базасын цифрландыру және полиция қызметін цифрландыруды дамыту бойынша барлық жерде жұмыс жүргізуде.
– ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиялар мен цифрландырудың гүлдену кезеңі. Бүгін біз құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстарды жедел ашу үшін цифрландырудың барлық мүмкіндіктерін пайдалануымыз керек, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Ақылбек Төлеуов.