Жетісу облысында полицейлер шартты түрде сотталғандар мен есепте тұрғандарды тексерді
Жетісу облысында полицейлер шартты түрде сотталғандар мен есепте тұрғандарды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шілде айында “Қылмыстарға тосқауыл қою” жедел профилактикалық іс-шарасының шеңберінде полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының бастамасымен, Панфилов АПБ учаскелік инспекторлары пробация қызметімен бірлесіп шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және шартты түрде сотталған санаттары бойынша есепте тұрған адамдармен профилактикалық кездесу өткізді.
– Іс-шараға 20 мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған және 13 шартты түрде босатылған тұлғалар қатысты. Кездесуде қылмыстық және әкімшілік кодекстердің нормаларын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға ықтимал бұзушылықтардың салдары, мерзімінен бұрын босатылған қаулылардың күшін жою тәртібі, сондай-ақ электрондық бақылау құралдарын пайдалану тәртібі түсіндірілді, – деп атап өтті ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Аида Белгібаева.
Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың және Панфилов АПБ учаскелік полиция инспекторларының есебінде тұрған мерзімінен бұрын босатылған тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша бірлескен тексерулер жүргізілді. Тексеру барысында пробация қызметінде есепте тұрғандардың белгіленген шектеулерді бұзуының үш фактісі анықталды. Осы тұлғаларға қатысты электронды бақылау құралдары қолданылды.