Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада кәмелетке толмаған бала электр самокатпен болған ЖКО-дан зардап шекті

Ақмола облысында кәмелетке толмаған бала электр самокатпен болған ЖКО-дан зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлері электр самокаттарының жүргізушілерін жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.

– Жазғы кезеңде мотоциклдерді пайдаланудың ұлғаюына байланысты олардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркелуде, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Бұл ретте ЖКО-ның негізгі себептері – жүргізуші тәртібінің әлсіздігі, мас күйінде мотокөлікті басқару, жылдамдық режимінен асып кету, мотошлемді пайдаланбау және басқа да бұзушылықтар. Оның ішінде электр самокатына жататын жеке ұтқырлықтағы электр көлік құралын басқару кезінде де жол-көлік оқиғасы жиі орын алады.

Мәселен 20 шілдеде Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде кәмелетке толмаған бала электр самокатпен жүріп келе жатып, 2008 жылы туған жасөспірім қызды соғып кеткен, нәтижесінде зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізді.

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тәртіп сақшылары 2023 жылдың тамызында мопедтер, электр самокаттары мен велосипед жүргізушілеріне бірқатар тыйым салулар енгізілгенін еске салады.

Осыған сәйкес электр самокаттар: велосипед жолымен, велосипед жолағымен; жолдың жүріс бөлігінің оң жақ жиегімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен, бір қатарда 25 км/сағ жылдамдықпен; тротуармен, жол жиегімен және жаяу жүргіншілер жолымен 6 км/сағ аспайтын жылдамдықпен қозғалады.

Сонымен қатар электр самокатын алкогольдік мас күйінде басқару ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу) бойынша қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін жауаптылыққа әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру