Павлодар облысында ата-аналар жиналысында балағат сөздер айтқан азаматқа айыппұл салынды
Павлодар облысында ата-аналар жиналысында балағат сөздер айтқан азаматқа айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақсу қаласы мектептерінің бірінде екінші сынып оқушыларының ата-аналары WhatsApp әлеуметтік желісінің бейне қоңырауы арқылы ата-аналарға арналған мектеп жиналысын өткізгені анықталды. Әңгіме барысында ата-аналардың бірі балағат сөздер айтқан. Ата-аналардың бірі оның бұл тәртібін ұнатпай, арыз жазды.
– Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша, яғни қоғамдық орында айналасындағыларға балағат сөздер айтып, әдепсіздік білдірген ер адамға қатысты әкімшілік материал толтырылды. Материал сотта қаралды, оның шешімімен бұзушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айта кетейік, жыл басынан бері осындай фактілер бойынша Ақсу өңірінің 124 тұрғыны жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Жүнісов.