Түркістан облысында полиция тұрғыннан марихуана тәркіледі
Түркістан облысында полиция тұрғыннан марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.
Тінту кезінде полицейлер, аудан тұрғынының құрылысы бітпеген тұрғын үйіне жасырылған, ішінде есірткіге ұқсас заты бар пакетті тәркіледі.
Сараптамаға сәйкес, есірткінің жалпы салмағы шамамен 14 грамм марихуана болып шықты. Ер адам өз жауабында, аталмыш есірткіні мал жаю кезінде тауып алып, өзі тұтыну үшін сақтағанын жеткізді.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.