Түркістан полицейлері мопед жүргізушілеріне бақылауды күшейтті
Түркістан облысында мопед жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауына бақылау күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мопедтер ірі қалалардағы жол қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер ете бастады. Шағын көліктерді дамыту қосымша қозғалыс мүмкіндіктерін ұсынады, бірақ олардың көптеген иелері ережелерді сақтамайды, соңы апаттарға әкеледі.
Мәселен биыл өңірде мопедтердің қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Сондықтан полиция қызметкерлері осы көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауын бақылауды күшейтті.
Нәтижесінде жыл басынан бері мопед жүргізушілеріне қатысты 325 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 16 жасқа толмағандардың ата-аналарына 12 хаттама түзілген.
Полиция мопед иелері мен облыс тұрғындарына жолдағы әрбір қадамды аңдап басуға, жауапкершілікке шақырады.