Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды

Ақтөбе облысында заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ырғыз ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік инспекциясының инспекторларымен бірлесіп рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Құтыкөл өзенінен заңсыз балық аулаған екі жергілікті тұрғынды ұстады.

Ауыл тұрғындарынан 4 дана балық аулау торы, 2 резеңке үрлемелі қайық және 116 сазан балығы тәркіленді. Тәркіленген балықтың жалпы салмағы 70 келіден асты.

Балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында балық қорын қорғау саласында 240 құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру