Екібастұзда қарсы жолаққа шыққан жүргізушілер жауапқа тартылды
Екібастұзда қарсы жолаққа шыққан жүргізушілер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Chevrolet Cobalt автокөліктің жүргізушісін тоқтатты. Ер адам М.Әуезов көшесіндегі қарсы қозғалыс жолағына шықты. Сол түні Энергетиктер көшесінде ВАЗ-21099 жүргізушісі тоқтатылды, ол да қарсы қозғалыс жолағына шықты. Жүргізушілерге қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды.
– Осы жылы қарсы қозғалысқа арналған жолдың жүріс бөлігі жағына шыққаны үшін 38 факті анықталды, барлық жүргізушілер алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды, – деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Медет Бейсенов.