Павлодар облысында полицейлер қоян-қолтық ұрыстан сынға түсті
Павлодар облысында полицейлер қоян-қолтық ұрыстан сынға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Баянтау спорт кешенінде Павлодар облысының полиция қызметкерлері арасында қоян-қолтық күрестен жарыс өтті, оған 11 команда қатысты.
– Бұл полиция қызметкерлерін кәсіби даярлауға бағытталған ерекше спорт түрі. Қоян-қолтық күрес тәсілдерін меңгеру маңызды, себебі бұл қызметте көмектеседі, тәртіпті және күшті, ептілік, төзімділік сияқты қасиеттерді жетілдіруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Владимир Ходацкий іс-шараның ашылуында.
Бірнеше сағат бойы жанкүйерлер татамиде қызықты және әсерлі жекпе-жектерді көріп, қатысушыларды қолдап, жігерлендірді. Жекпе-жекті білікті төрешілер бағалады.
Турнир қорытындысы бойынша: 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде – Данияр Баймағамбетов Павлодар қаласы ПБ, 62 келіге дейін – Жәнібек Әбдіғапаров Екібастұз қаласы ПБ, 73 келіге дейін Нұриман Валеев – Павлодар қаласы ПБ, 80 келіге дейін Қайыржан Мендин Павлодар ауданы ПБ, 97 келіге дейін – Бауыржан Мәдиев Павлодар қаласы ПБ жеңімпаз атанды.
Күрестің нәтижесінде жалпыкомандалық біріншілікте бірінші орынды Павлодар қаласы ПБ командасы, құрмет тұғырының екінші сатысында – Екібастұз қаласы ПБ командасы, көшбасшылар үштігінде Ақсу қаласы ПБ полицейлері иеленді.