Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жедел жәрдем жүргізушісі масаң күйде көлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Қызылорда облысында жедел жәрдем жүргізушісі масаң күйде көлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Арал ауданында жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Масаң күйде көлік басқару фактісі Самара – Шымкент тасжолында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде анықталды.

Құжаттарды тексеру барысында өзін біртүрлі ұстаған жүргізушінің әрекеті полицейлерге күдікті көрінген. Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті.

Айта кетейік, өңірде 6-8 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр.

Полицейлер жол жүрісіне қатысушыларды мұқият болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру