Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері ұрыны қылмыс үстінде ұстады

Астана полицейлері ұрыны қылмыс үстінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны полицияға 102 арнасы арқылы жүгініп, тұрғын үй кешенінің тұрағында күдікті әрекеттер жасап жүрген белгісіз адамды байқағанын хабарлаған. Ол көліктердің есіктерінің тұтқаларын тартып көрген, салонға кіруге тырысқан сияқты.

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына келіп, 21 жастағы жігітті ұстады.

Қаскүнем сол жерде тұрған Honda көлігінен әмиянды ұрлағанын мойындады. Оның ішінде 18 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат болған.

Полиция заттай дәлелдемелерді тәркілеп, иесіне қайтарып берді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды автокөліктерден жасалынатын ұрлықтың алдын алу үшін сақтық шараларын қолдану қажеттігі туралы ескертеді. Бағалы заттарды көліктерде қалдырмау ұсынылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру