Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық тігін фабрикасында 44 жазасын өтеуші азамат жұмыс істейді

Елордалық тігін фабрикасында 44 жазасын өтеуші азамат жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбек РМК тігін кәсіпорнында ІІО қызметкерлеріне арналған нысанды киім-кешек тігіледі. Тігін тігу үшін №3 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіндегі жазасын өтеп жатқан сотталғандар тартылды.

– Сотталғандардың жұмыс күні сағат 09:00-ден басталып, 18:00-ге дейін созылады. Түскі ас мекемеден өзімен бірге әкеледі. Жұмысқа орналастыру Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Олардың демалысы, тұрақты жалақысы және заңда көзделген барлық әлеуметтік аударымдары бар, – дейді Еңбек РМК баспасөз қызметінің басшысы Нұрсұлтан Жәкенов.

Сотталағандар еңбек шарты негізінде жұмыс істейді.

Жұмыс оларға тек талап-арыз қарыздарын өтеуге ғана емес, сонымен қатар отбасыларына ақша жіберуге де мүмкіндік береді. Ең төменгі жалақы 85 мың (85000) теңгені құрайды.

РМК атап өткендей, қажет болған жағдайда олар жаңадан келген жұмысшыларды тігін шеберлігіне үйретеді. Жазасын өтеген сотталғанның тігін өндірісінде жұмыс істеуін жалғастыратын жағдайлары да бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру