Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Таза Қазақстан» акциясы: СҚО полицейлері 6 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады

СҚО полицейлері «Таза Қазақстан» акциясы барысында 6 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс аудандарында 77 мобильді тобының құрамында жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері заңсыз қоқыс тастайтын жерлерді анықтау бойынша жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің, экологтар мен облыс әкімдігі қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен жұмыс тобы құрылды.

Бүгінгі күні топтармен 94 рұқсат етілмеген жерге қалдық тастау дерегі анықталды. Ол ең көп – Қызылжар, Мамлют және Аққайың аудандарында (тиісінше 36, 19 және 14 заңсыз қоқыс тастайтын жерлер), сондай-ақ Петропавл аумағында 8 заңсыз қоқыс тастайтын жер бар.

Жергілікті атқарушы органдарға шаралар қабылдау үшін қажетті материалдар жіберіледі. Қазіргі уақытта облыс аумағында 31 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды.

– Қазірдің өзінде 800-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ акция барысында 5814 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 964 жалпы пайдаланудағы жерлерді ластау фактісі, ал 4850-і – абаттандыру ережелерін бұзу бойынша. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты – рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлердің «таралуын» тоқтатып қана қоймай, адамдардың арасында елді мекендер мен облыс табиғатының ластануына нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру