Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы полиция департаментінде жедел кеңес өтті

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаровтың төрағалығымен қалалық, аудандық полиция бөлімі бастықтарының кадр саясаты жөніндегі орынбасарлары, тәрбие және кадр жұмысы басқармасы, арнайы және жұмылдыру даярлық басқармасы, сондай-ақ ЖПҚБ ППР, ЖҚАЖ тәрбие және кадр жұмысы тобы инспекторларының қатысуымен «Ішкі істер органдарында кадр саясатын іске асыру» тақырыбында жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

О.Омаров баяндама жасап, бірнеше өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

– Кадр саясатында еңбек ету әр қызметкерден кәсібилік пен жауапкершілікті, мұқияттылықты талап етеді. Қызметкерлерді іріктеу, дайындау, жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыру, қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың рухани дүниесін жан-жақты жетілдіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарымыз өте ауқымды. Әрбір қызметкердің міндеттерін тиісті деңгейде орындауының, біліктіліктерін үнемі арттырып отыруының, адал қызмет атқаруының, күйзеліске төзімді бола білуінің түп тамырында біздің жасап жатқан тынымсыз еңбегіміз тұр. Яғни біздің мақсатымыз – қызметкерлеріміздің жоғары тұлғалық қасиеттерін дамытып, патриоттық сезімдерін қалыптастырып, қызметте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермей, Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтайтын қызметкерлерді даярлау. Бүгінгі күні біз шынайы нәтижеге бағытталған жұмыс атқарудамыз. Мемлекет басшысы атап өткендей, полиция қашанда халыққа үлгі-өнеге болуы керек, – деді Оралбек Омаров.

Кеңес соңында О.Омаров ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруды, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінезді қалыптастыруда пәрменді шаралар қабылдауды, қызметтен тыс уақытта заңсыздықтарға жол бермеуді, қызметтік немесе жеке автокөліктерін басқару кезінде жол-қозғалыс ережелерін сақтауды, кәсіби-қызметтік даярлық аясында жеке құрамның құқықтық біліктілігін арттырып, кәсіби дайындық, дене шынықтыру сабақтарын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен берілген тапсырмаларды жеке құрамның назарына жеткізіп, жедел кеңесті қорытындылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру