Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Алматы облысының полициясы мыңнан астам азаматты қабылдады

Биыл Алматы облысының полициясы мыңнан астам азаматты қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыстық департамент пен аудандық бөлімшелердің басшылығы азаматтарды тұрақты түрде қабылдайды.

Келіп түсетін сұрақтар әртүрлі, көбіне жеке қылмыстық істерді тергеу барысына қатысты. Екінші орында жол қауіпсіздігі және кадр саясаты мәселелері тұр. Әр тұрғынның мәселесі жеке-жеке қарастырылады. Кездесуде талқыланған мәселелерді мүмкіндігінше тезірек шешу жауапты тұлғаларға тапсырылады. Сондай-ақ полиция қызметкерлеріне алғыс сөздері жиі келіп тұрады.

Жыл басынан бері Алматы облысы полиция басшылығының жеке қабылдауында 1 186 адам болды, оның 320-сын облыстық департамент басшысы және оның орынбасарлары қабылдаған болса, 866-сын аудандық бөлімшелердің басшылық құрамы қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру