Жетісу облысында полиция ірі мөлшерде есірткі сақтаған күдіктіні құрықтады
Жетісу облысында полиция ірі мөлшерде есірткі сақтаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыстық прокуратураның үйлестіруімен облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 49 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шараларын жүргізу кезінде құқық қорғау органдары есірткі заттарының едәуір мөлшері алынды.
Сонымен қатар өсірілген қарасора бұталары тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, кептірілген марихуананың жалпы салмағы 3 келі, кептірілмегені – бір келіден асады.
Белгілі болғандай, ұсталған адам радикалды діни идеологияның жақтаушысы болып табылады.
Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды, тергеу әрекеттері жалғасуда.
Жетісу облысының полициясы өңірдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тынымсыз жұмыс істеуді жалғастыруда.