Елордада дүкеннен ұрлық жасаған күдікті анықталды
Елордада дүкеннен ұрлық жасаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өнімдердің жетіспеушілігін дүкен қызметкерлері инвентаризация жүргізу барысында байқаған.
Әйел адам дүкенге сатып алушы ретінде кіріп, сөрелерден косметикалар ұрлаған. Ол косметикаларды қаптауынан ешкімге байқатпай шығарып, бос қаптауларды қайтадан сөрелерге қойған.
Ұрланған заттарды тығу үшін, күдікті баланың коляскасын қолданып, өнімдер мен ампулаларды қалташығына салған. Келтірілген шығын мөлшері 108 мың теңгеден асты.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, полиция қызметкерлері бейнекамерлардың көмегімен 42 жастағы әйел адамды анықтады.
Аталған факті қылмыстық іс қозғалды.