Алматы облысында пәтер ұрлығының тіркелуі үш есе азайды
Алматы облысында пәтер ұрлығының тіркелуі үш есе азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысында пәтер ұрлығының тіркелуі өткен жылмен салыстырғанда 34,5 пайызға төмендеген.
– Криминалдық полиция қызметкерлерінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі – пәтер ұрлығының алдын алу. Осы бағыттағы мақсатты жұмыс өз нәтижелерін көрсетті. Егер өткен жылы 704 пәтер ұрлығы тіркелген болса, осы жылдың басынан бері 461 факт тіркелді, – деп полиция департаментінде атап өтті.
Айта кету керек, біреудің мүлкін ұрлаудың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халыққа жеке мүлікке жауапкершілікпен қарау және күзет дабылы құралдарын орнату қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар тоқсан сайын Пәтер жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
– Әшекей бұйымдардан бастап, тоңазытқыштағы азық-түлікке дейін ұрлық нәтижесінде бәрі қылмыстық шабуылдың нысанасына айналады. Көбінесе қолма-қол ақша, алтын бұйымдар, тондар, тұрмыстық техникалар ұрланады. Тәжірибе көрсеткендей, ұрланған тауарлар қылмыскерлер тексерген тарату арналары арқылы сатылады. Көбінесе ұрланған мүлік базарға келушілерге немесе ломбард пен дүкендерде сатылады. Осыған орай, 19-21 тамыз аралығында өткізілген “Пәтер” ЖПІШ аясында осындай жерлердің барлығы тексерілетін болады , – деп ведомствода толықтырды.