Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында қоныс колониясының кітапханасы жаңа кітаптармен толықты

Маңғыстау облысында қоныс-колониясының кітапханасы жаңа кітаптармен толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №43 мекемесінде бірнеше ұйым өкілдері сотталғандармен кездесті. Кездесу барысында тіл маманы Ерсұлтан Исламов, “Манар” ақпараттық-түсіндіру және талдау орталығының маманы Жасқайрат Қалмырзаев және “Шам” дамушы ортаның ұйымдастырушысы Каршыға Жәңгірхан сотталғандармен жеке дамуға, өзін-өзі тануға және өмірдегі қиындықтарды жеңуге байланысты маңызды тақырыптарды талқылап, түрлі шығармашылық кітаптарын, соның ішінде классикалық және қазіргі заманғы әдебиеттерді, өзін-өзі дамыту бойынша кітаптарды табыс етті.

Сотталғандардың жағымды мінез-құлқы мен дағдыларын дамытуға ықпал ететін кітаптарға ерекше назар аударылды.

Жазасын өтеушілер жаңа кітаптарға үлкен қызығушылық танытып, кітап оқуға және талқылауға байланысты іс-шараларға қатысуға ниет білдірді. Мекемеде атап өткендей, мұндай бастамалар сотталғандарды сәтті оңалтуға және олардың қоғамдағы толыққанды өмірге оралуына ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру