Елордада криминалистер бірқатар велосипед ұрлығын ашты
Тек соңғы айда елордада криминалистер «ізін суытпай» 23 велосипед ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана тұрғыны Skillmax велосипедін үйдің ауласында қалдырып, пәтеріне көтерілген. Сол маңда өтіп бара жатқан қаскүнем мұны пайдаланып, трос-құлыпты кесіп, көлік құралын ұрлап кеткен.
Криминалистер инновациялық технологияларды қолдана отырып, сол күні-ақ күдіктінің жеке басын анықтады. Ұсталған кезде ер адам ұрланған велосипедпен жүрген. Полицейлер жәбірленушіге мүлкін қайтарып берді.