Ақтөбе облысында 8 тұрғынды сан соқтырған алаяқ қолға түсті
Ақтөбе облысында 8 тұрғынды сан соқтырған алаяқ қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер Ақтөбе облысының 8 тұрғынын алдаған күдіктіні ұстады. Полицияға облыс тұрғындары зейнетақы қорынан ақша алуға көмек көрсетуге уәде берген әйелге қатысты арызданды.
Күдікті әйел белгілі бір сыйақыға зейнетақы қорынан ақша алып беруге уәде берген. Жәбірленушілер оған 250 мыңнан 350 мың теңгеге дейінгі сомада ақша аударған. Күдікті барлығы сегіз адамды алдаған.
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қазіргі уақытта полицейлер жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізуді жалғастыруда, сондай-ақ заңсыз әрекеттерден зардап шеккендердің бар-жоғын анықтайды.