Елорда полицейлері дүкеннен қомақты ақша ұрлаған күдіктіні ұстады
Елорда полицейлері дүкеннен қомақты ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Байқоңыр ауданы полиция басқармасына азық-түлік дүкенінің иесі жүгініп, ақша ұрланғаны туралы хабарлады. Әйелдің айтуынша, күндізгі уақытта тауарды түсіру кезінде ол 1 млн 390 мың теңге және құжаттары бар сөмкені дүкендегі сөреде қалдырған.
Осы уақытта сатып алушылардың бірі қолайлы сәтті пайдаланып ақша салынған сөмкені алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер ұрлыққа қатысы бар қаланың 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Қолма-қол ақша салынған сөмке тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, шағын және орта бизнес объектілерін бейнебақылау камераларымен жабдықтауға және жұмыс орындарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.