Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жолда қабылдау» акциясы: Қызылорда полицейлері тұрғындардың 600-ден астам сұрағына жауап берді

«Жолда қабылдау» акциясының бірінші күнінде Қызылорда полицейлері тұрғындардың 600-ден астам сұрағына жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен 13-14 қыркүйек аралығында “Жолда қабылдау” акциясы өткізіліп жатыр.

Аталған акция департаменттің әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі және көші қон қызметі басқармалары мен қала, аудандық полиция бөліністері басшылығының қатысуымен облыстың халық көп шоғырланатын 10 аймағында ұйымдастырылды.

Тәртіп сақшыларымен жүргізілген қабылдау кезінде тұрғындарға көлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол белгілерін орнату және т.б. мәселелер туралы құқықтық кеңестер кеңінен берілді.

Мамандардың барлығы өз салалары бойынша қандай да бір мәселемен келген азаматтардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, кең көлемді кеңестер берді.

Облыс бойынша ақцияның бір күнінде облыс тұрғындарынан барлығы 600-ге жуық сұрақ түсті. Келген тұрғындардың барлығы көкейіндегі сұрақтарын еркін қойып, толыққанды жауап алды. Көптеген тұрғын полицейлердің сауатты да білікті жауаптарына алғыстарын білдірді.

Акция барысында “жедел желі” телефондары іске қосулы болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру