Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда “Біз есірткіге қарсымыз!” ұранымен байк-фестиваль өтті

Мотоцикл спортының 150-ден астам әуесқойы Павлодар облысында нашақорлыққа қарсы күреске бағытталған “Біз есірткіге қарсымыз!” байк-фестивалін қолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Фестиваль барысында кәсіби мотоциклшілерге арналған түрлі жарыстар, сондай-ақ барлық ниет білдірушілер қатыса алатын спорттық сайыстар мен Ақсу қаласының өнерпаздары қатысқан гала-концерт өтті.

Фестивальдің бағдарламасы қызықты әрі мазмұнды болды.

– Осы іс-шараға қатысқан жастар мен көрермендер біздің басты үндеуімізге құлақ асады деп үміттенеміз. Есірткіге жол жоқ! Белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстанамыз, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Ирина Тимиргалиева.

Тақырыптық сайыстар мен жарыстарға екі мыңнан астам адам қатысты. Белсенді қатысушылар қатарында тек байкерлер ғана емес, сонымен қатар қаланың тұрғындары мен қонақтары да болды. Қатысушылар арқан тарту, есірткіге қарсы көзқарастарын білдіретін суреттер салу сияқты жарыстарда бақ сынады.

Фестиваль Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Ақсу қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру