ШҚО полицейі жауынгерлік карудан оқ ату бойынша XI спартакиаданың жүлдегері атанды
ШҚО полицейі жауынгерлік карудан оқ ату бойынша XI спартакиаданың жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасағының рота командирі Эльдос Станбеков ҚР IIM ПД қызметкерлерінің арасында жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша XІ спартакиадасына қатысып, ПМ 6 жаттығуында жүлделі 3-орынды иеленді.
Алматы облысы Қонаев қаласында 12-14 қыркүйек аралығында ҚР ІІМ және “Динамо” ДШСҚ ведомствоаралық XI спартакиада бағдарламалары аясында жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша жарыс өтті. Жарыс командалық есепте және жеке біріншілікте сарапқа салынды. Екі күнге жалғасқан сайыста қатысушылар жауынгерлік даярлықтағы біліктіліктерін анық байқатты. Олар қаруды меңгерудің жоғары деңгейін көрсетті.
Жарысқа 20 облыстан ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты 45 қызметкер қатысып, өз бақтарын сынады. ШҚО полицейі 50 метрлік қашықтықта ПМ тапаншасынан оқ атып, жоғары ұпай жинап, үздіктер тұғырынан көрінді.
Айта кету керек, Эльдос Станбеков 2017 жылдан бастап дәл осы сынды спорттық жарыстарға қатысып, республикалық турнирлердің бірнеше мәрте жүлдегері атанған.