Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полициясы есірткіні заңсыз жарнамалауға қарсы ауқымды күресті бастады

Қостанай облысының полициясы есірткіні заңсыз жарнамалауға қарсы күресті бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының полицейлері граффити жазуларды бояу челленджін Алматы қаласынан және Түркістан облысынан қабылдады.

Қостанайда полиция есірткінің заңсыз жарнамасына қарсы ауқымды күресті жалғастырып жатыр және бұл бастаманы өңірдегі бұл проблемаға бей-жай қарамайтын азаматтар да қолдады.

Облыс орталығында есірткіні жарнамалайтын граффитиді жою бойынша ауқымды акция өтті. Маңызды іс-шараны полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды.

Оған 400-ге жуық ерікті, соның ішінде колледждер мен университет студенттері, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ жергілікті қала тұрғындары қолдау көрсетті.

Іс-шараны өткізуде полицейлерге «Қостанайдың жас көшбасшылары» ҮЕҰ жәрдемдесті. Олар еріктілерге «Есірткіге жол жоқ» деген жазуы бар футболкалар мен бас киімдер, сондай-ақ аэрозольдік бүріккіштер, қолғаптар берді.

Осындай жұмыла жасалған іс қазіргі заманның ең маңызды мәселелерінің бірімен күресу жолында қалай біріге алатынын көрсетті.

Бірнеше сағат ішінде қатысушылар облыс орталығының әр түкпірінде 700-ден астам граффитиді жойды. Полиция бұл жерлерді алдын-ала анықтаған болатын.

Жұмыс қала орталығында да, шеткі аумақтарда да жүргізілді. Бұл бастама есірткі қылмыстарының жолын кесуге ғана емес, қаланың сыртқы келбетін жақсартуға да бағытталған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта полицейлер есірткі заттарын заңсыз насихаттау фактілері бойынша 40-қа жуық қылмыстық іс қозғаған.

Акцияны ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жұртшылықтың назарын нашақорлық проблемасына аударуға көмектеседі және есірткіге қоғамда орын жоқ екендігін көрсетеді деп үміттенеді.

Ведомство жұмыс істеп тұрған саll-орталық (8-747-050-35-78) туралы еске салады, ол бойынша табылған заңсыз жазулардың геолокациясы туралы хабарлауға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру