Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полициясы электронды темекіні заңсыз сатумен айналысқан 20 жастағы тұрғынды ұстады

БҚО Бәйтерек ауданының Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері сатуға тыйым салынған электронды темекіні заңсыз сатумен айналысқан 20 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол өзінің заңсыз қызметін сақтандыру дүңгіршегінде жүзеге асырды. Жеке тінту кезінде одан 9 электронды темекі табылып, тәркіленді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды сатқаны және таратқаны үшін 2024 жылы 200 АЕК (738 400 теңгеге дейін) мөлшерінде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түрінде жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру