СҚО-да өткен “Динамо” спартакиадасында полицейлер самбодан үздік орындарға ие болды
СҚО-да “Динамо” спартакиадасында ауыр және өте ауыр салмақта самбошы полицейлер мықты деп танылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының дәстүрлі спартакиадасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының құқық қорғау органдарының қызметкерлері самбо күресінде бақ сынасты.
Жарыс 19 және 20 қыркүйекте ұлттық спорт түрлерінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтті. Оларға барлығы 12 дене шынықтыру ұжымы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық ұлан академиясының қызметкерлері мықты деп танылды. Жалпы есепте екінші орынды облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, үшінші орынды СҚО шекара қызметі департаментінің қызметкерлері иеленді.
Полицейлер арасында бірінші орынды 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Раимбек Асқаров, сондай-ақ тиісінше 98 және 98 келіден жоғары санаттарда өнер көрсеткен Ернар Жаңабаев пен Әділ Қайыров иеленді.
Қазылар алқасы “Жеңіске деген ерік-жігері үшін” номинациясын шекара қызметінің қызметкері Дулат Алпысовқа берді. “Үздік техника үшін” номинациясында СҚО ПД қызметкері Әділ Қайыров марапатталды.
Аудандық полиция бөлімдерінің ішінде Айыртау ауданының ПБ қызметкерлері ең мықты деп танылды, екінші және үшінші орындарды Тайынша және Есіл аудандарының ПБ иеленді.