Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші бес бап бойынша жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жолы қауіпті көлік жүргізуді Алмалы ауданының полицейлері анықтады. Түннің бір уағында «Астана» алаңына жақын орналасқан үйлердің тұрғындарының тыныштығын тежегіштердің сықыры мен мотордың гуілдеген дыбысы бұзды. Олар бұл туралы бірден «102» пультіне хабарлады.

– Олар бәрін дұрыс істеді: қаладағы қауіпсіздік мәселелерін ойлайтындардың барлығы заң бұзушылықтарға төзбеу керек. BMW көлігінің жүргізушісі ұсталып, ол жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін бес бап бойынша жауапқа тартылды. Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Шешім шығару үшін іс материалдары жақын арада сотқа жолданады, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Сонымен 21 жастағы Алматы тұрғыны бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды, ол түнгі сағат бірде BMW көлігін тізгіндеп, Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында дрифт жасап, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына нақты қауіп төндірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру