Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы таулы аймақтарда рейд жүргізді

Алматы полициясы таулы аймақтарда рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Таза Қазақстан” профилактикалық науқаны аясында Алматы полициясының қызметкерлері барлық жерде жергілікті рейдтер өткізуде. Атап айтқанда, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған таулы және орманды аймақтарда.

– Өкінішке қарай, көп адамдар табиғатты қадірлеп, қорғай бермейді. Мысалы, демалыстан кейін өздерінің артынан қоқыс тастап кетіп, ағаш бұтақтарын сындырып, балаларына жаман үлгі көрсетеді. Бұрын бірнеше рет хабарлағанымыздай, қоғамдық орындарды ластағаны және қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Сонымен қатар полицейлер мүдделі қызметтермен бірлесіп, экологиялық рейдтер жүргізуде, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Еске сала кетейік, Алматы қаласында құқық бұзушылыққа “мүлдем төзбеушілік” қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында “Таза Қазақстан” профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Сондай-ақ ол, бұзақылық, мүлікке зиян келтіру, ұсақ бұзақылық деректерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

Арнайы мобильді топтар құрылып, іс-шараны өткізуге жұртшылық барынша тартылды. Осы күндері учаскелік полиция инспекторлары тұрғын үй алаптарында, саябақтарда, алаңдарда, қоғамдық орындарда мақсатты және жергілікті рейдтер жүргізуде.

Осыған орай, Алматы полициясы қала тұрғындары мен қонақтарын кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік танытып, қоршаған ортаға, бөтеннің мүлкіне ұқыптылықпен қарауға және заңды қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру