Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық тұрғын жұмысшының телефонын алдап алып кеткен

Астаналық тұрғын жұмысшының телефонын алдап алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында камералардың көмегімен 27 жастағы жігітті анықтады. Ол компьютерлік клубқа барып, жедел қоңырау шалу сылтауымен оператордан телефон беруін сұраған. Содан кейін клуб қызметкерінің назары көмек сұрап келген клиентке ауып кеткен. Күдікті жағдайды пайдаланып, дереу үй-жайдан шығып, телефонды өзімен бірге алып кеткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдеме тәркіленді. 

Жігіттің елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру