СҚО-да қызметте ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері марапатталды
СҚО-да көшпенділер ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан полиция қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде елордалық әріптестеріне V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектескен қызметкерлер марапатталды.
Іс-шараға алыс, жақын шетелдерден келген қатысушылар мен көрермендерді жинады. Жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Солтүстік Қазақстан облысының патрульдік полиция батальоны мен жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері көмектесті.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасақ офицерлері этноауылды патрульдеп, ипподромда тексерістер жүргізді, ойындардың ашылуы мен жабылуына арналған концерттерде, жарыстар, жәрмеңкелер мен көрмелер өткізу кезінде құқықтық тәртіпті қадағалады. Құқықтық тәртіпті бұзуға жол берілген жоқ.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында жиі кездесетін жалғыз мәселе жоғалған балалар болды. Олардың ең кішісі 5 жаста болатын. Ересектердің қарауынсыз қалған баланы байқаған полицейлер дереу ата-аналарын іздестіріп, бірнеше минуттың ішінде қызды қайтарып берді.
Қоғамдық тәртіпті жоғары деңгейде қамтамасыз еткені және қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны үшін 11 қызметкер марапатталды. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы ІІМ грамотасын алған патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Серік Сейпиев те бар. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Григорий Тышқа “Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалі табыс етілді. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасақ аға инспекторы Аслан Әлжановқа мерзімінен бұрын полиция майоры арнаулы атағы берілді.
Сонымен қатар салтанатты іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және қызмет бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының жедел қызметкерлері марапатталды.
Мемлекеттік тілді насихаттау және дамытуға, оның қолдану аясын кеңейтуге қосқан үлесі үшін үш қызметкердің аты аталды. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті аппаратының қызметкерлері Серік Әбілғазинов пен Серафима Оқышеваға тиісінше грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді. Ал ақпараттық саясат бөлімінің басшысы Сань Жұмағазина ІІМ құрмет грамотасымен марапатталды.