ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастығы тағайындалды
ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастығы тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов жеке құрамға жаңадан тағайындалған ҚР ІІМ Байқоныр қаласындағы өкілдігінің бастығын таныстырды.
Министрдің бұйрығымен ҚР ІІМ Байқоныр қаласындағы өкілдігі бастығының қызметіне полиция полковнигі Оразалин Қайрат Серікұлы тағайындалды.
Қайрат Оразалин еңбек жолын 1997 жылы жедел уәкіл болып бастаған, әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Махсудхан Аблазимов жаңа ҚР ІІМ Байқоныр қаласындағы өкілдігінің бастығын таныстырып, Ішкі істер министрінің тапсырмасын орындау бойынша нақты міндеттер жүктеп, жұмысына сәттілік тіледі.