Түркістан облысында үш рет ұрлыққа түскен күдікті қылмыс үстінде ұсталды
Түркістан облысында үш рет ұрлыққа түскен күдікті қылмыс үстінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дүкен ұрлығына қатысы бар жас жігітті қолға түсірді.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті таңға жуық уақытта пластик терезені ашу арқылы азық-түлік дүкеніне кіріп, кассада тұрған 100 мың теңге ақшаны алу барысында ұсталған. Ұрлық фактісі дүкендегі камераға түскен.
Күдіктінің аталған оқиғаға дейін осы дүкенге 3 рет ұрлық жасағаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.