Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысындағы ҚАЖД мекемесінде адам құқықтарын қорғау бойынша семинар өтті

Маңғыстау облысындағы ҚАЖД мекемесінде адам құқықтарын қорғау бойынша маңызды семинар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы ҚАЖ департаментінің №77 мекемесінде ерекше назар аудартқан түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға Маңғыстау облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Алмат Утегенов, облыстық прокуратураның арнайы прокуроры Нұрлыбек Бегежанов және адам құқықтары жөніндегі өкіл Александр Муха арнайы қатысты.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – мекеменің жеке құрамын адам құқықтарын қорғау саласындағы негізгі талаптармен таныстыру, сондай-ақ азаптауларды болдырмауға бағытталған нақты шараларды түсіндіру. Осындай маңызды мәселелерді көтеру арқылы қызметкерлерге адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынасқа жол берілмеуі және бұл әрекеттердің салдары туралы құқықтық ақпарат берілді.

Семинар барысында «Қатігез, адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынас және азаптаулардың заң алдындағы жауапкершілігі» тақырыбы кеңінен талқыланып, мекеме қызметкерлеріне құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған нақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мекеме қызметкерлері заң бұзушылықтарды болдырмаудың жаңа тәсілдерін үйреніп, өздерінің кәсіби міндеттеріне деген жауапкершіліктерін қайта қарастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру