Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД мекемесі ардагерлерді Халықаралық қарттар күнімен құттықтады
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты № 31 мекемесінің ұжымы Халықаралық қарттар күніне орай, ардагерлерді құттықтап барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Мереке қарсаңында Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №31 мекемесінің ұжымы осы мекемеде қаншама жыл еңбек еткен мекеме ардагерлерін құттықтады.
Мекеме қызметкерлері ардагерлер кеңесінің төрағасы Юрий Ткачевпен бірге ардагерлер И. Кошманды, Р. Андрейкинаны, В. Жиланы, В. Кондратенконы, Ю. Кондратенконы, В. Савицкаяны, Л. Морозованы құттықтады.
– Бұл куні ата-аналарға, тәлімгерлерге, зейнеткерлер мен ардагерлерге, алтын жасқа келген барша жандарға алғысымызды білдіруге мүмкіндік бар. Өйткені адам өмірінің ең жақсы жылдарын оның игілігіне арнаған қоғамның толыққанды мүшесі. Қызықты да қарбалас ғұмыр кешіп, даналығы мен тәжірибесін шын ықыласпен бөліскен жандарға кұрмет көрсетеміз. Деңдеріңіз сау болсын, өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа бөленсін, -деді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының м.а. А. Есмагамбетов.