Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО әкімі ауылдық учаскелік полиция пунктінің қызмет ету жағдайымен танысты

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Шал ақын ауданына сапары барысында Городецкое ауылының учаскелік полиция пунктінде қызмет ету жағдайымен және жұмысын ұйымдастырумен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция пунтінің ерекшелігі – учаскелік полиция инспекторының отбасы үшін жұмыс кеңсесінің тұрғын үймен біріктірілуі.

Ғауез Нұрмұхамбетов пен полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов ғимаратты аралап көрді. Аймақ басшысына жұмыс орны барлық қажеттіліктермен жабдықталғаны баяндалып, көрсетілді. Ауылдық округтегі криминогендік жағдай – тұрақты, өмір мен еңбек үшін қолайлы жағдай жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш учаскелік полиция пунтінің кеңсесі мен инспектордың отбасына арналған қызметтік тұрғын үйі осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілген болатын. Центральная көшесі, 19 үй мекенжайы бойынша орналасқан бұл ғимараттың ауданы 100 шаршы метрден астам, ол Александр Черкас басшылығымен “Городецкое” шаруашылығының көмегі мен еңбегінің арқасында салынды.

2021 жылғы қарашадан бастап бұл округте қызмет атқаратын учаскелік полиция инспекторы Рустам Нұрғалиев ауыл тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді. Городецкое ауылдық округі орталық ауылы болып табылады, оған Жалтыр, Мерген, Бағанаты және Коноваловка сияқты ауылдары да кіреді.

Солтүстік Қазақстан облысында инспекторлар мен олардың отбасылары үшін тұрғын үймен біріктірілген тоғыз учаскелік полиция пунті жұмыс істейді. Олардың екеуі Петропавл қаласында, ал қалғандары облыс аудандарында орналасқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру