Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жалған шебер ноутбук жөндеймін деп әйелді алдап кетті

Астанада жалған шебер ноутбук жөндеймін деп әйелді алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қаланың 43 жастағы тұрғыны арызбен жүгінген. Әйел бір айдан астам уақыт бұрын өзіне тиесілі ноутбукты компьютерлік техниканы жөндеушіге тапсырғанын және қызметі үшін алдын ала төлем жасағанын түсіндірген. Өтініш беруші ноутбукты жөндеуге тапсырған күннен бастап бірнеше күн өткен соң, жәбірленушінің көптеген қоңырауларына шебер жауап бермеген соң алаңдай бастаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу шеңберінде Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы қала тұрғынын анықтады. Ол компьютерлік техниканы жөндеу сылтауымен алаяқтық жолмен және клиенттің сенімін пайдаланып, ақшалай қаражатты иемденді. Осылайша, материалдық шығын келтірді.

Жас жігіт мойындау көрсетпелерін берді. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарына өздерін алаяқтардан қорғауды және жалған шеберлерге жөндеу үшін техниканы белгісіз немесе жалған мекенжайға апармауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру