Жетісу облысында полицейлер ІІМ ардагерлеріне қарттар күніне орай құттықтау сөз айтты
Жетісу облысында полицейлер ІІМ ардагерлеріне қарттар күніне орай құттықтау сөз айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарттар күніне орай полиция департаменті басшылығымен ПД жеке құрамы Ішкі істер органдарының ардагерлеріне өз алғыстарын білдіріп, мерекемен құттықтады. Бұл іс-шара азаматтардың қауіпсіздігін қорғай отырып, өз өмірін құқық қорғау органдарында қызмет етуге арнағандарға құрмет көрсетуге бағытталған.
ПД өкілдері кездескен ардагерлер ішкі істер органдарының дамуы мен жұмысына елеулі үлес қосты. Олардың арасында Талдықорған облысының тергеу бөлімінің аға тергеушісі болып жұмыс істеген Алтай Қожаназаров пен ішкі істер басқармасының шаруашылық бөлімінің бастығы қызметін атқарған Жұмаш Ысқақов құттықтау алды.
ІІМ-нің басқа да еңбек сіңірген зейнеткерлері де ұмытылған жоқ. Олар ІІБ Хатшылығының бастығы қызметін атқарған Егеубек Өмірзақов. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрғожа Қасенов.
Мұндай кездесулер ардагерлердің үлесінің маңыздылығы мен құндылығын көрсетіп қана қоймай, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ұрпақтары арасындағы байланысты сақтауға көмектеседі. Бұл олардың өңірдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі көпжылдық қызметі мен адалдығын құрметтеудің символы.