Алматы облысының полицейлері ардагерлерді құттықтады
Халықаралық қарттар күнінде облыстық полиция департаменті мен аумақтық бөліністердің бастықтары ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесіп, қызметтің дамуына қосқан зор үлесі үшін құрмет пен ризашылықтарын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ардагерлер полицияның тиімді жұмысының негізі болып табылатын дәстүр мен білімнің тасымалдаушылары екені баршамызға мәлім. Олардың көпжылдық тәжірибесі мен даналығы жас қызметкерлер үшін маңызды нұсқаулық болып қала береді. Бүгінгі ұрпақтар сабақтастығы полицияның жаңа құрамына ардагерлердің тәжірибесінен үйреніп қана қоймай, сонымен бірге олардың қалыптасқан құндылықтарын сақтап, құқықтық тәртіп пен әділеттілікті нығайтуға мүмкіндік береді.
– Біз көптеген жылдар бойы құқықтық тәртіпті сақтаған, азаматтар мен қоғамның мүдделерін қорғап, жоғары кәсібилік, парызға адалдық пен батылдық танытқан құрметті ардагерлерімізді шын жүректен құттықтадық. Мұндай кездесулердің маңызы зор. Олар ұрпақтар арасындағы байланысты сақтауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар өз өмірін құқықтық тәртіпті қорғауға арнағандардың еңбегін мойындайды. Біз олардың үлестерін жоғары бағалаймыз және жас қызметкерлер ішкі істер органдарында қызметтің абыройы мен қадір-қасиетін сақтай отырып, олардың үлгісіне құлшыныспен қарайтынына сенеміз– деп атап өтті облыстық тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Абылай Нұрымов.