Полиция 16 жастағы есірткі жасырушыны ұстады
Полиция жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу жұмысын белсенді түрде жүргізіп жатыр. Бұл шараға мұғалімдер, дәрігерлер және еріктілер жұмылдырылуда.
Биыл 10 мыңнан астам есірткіге қарсы іс-шара өткізіліп, оған 714 мыңнан астам жасөспірім қатысты.
Жастардың есірткі айналымына тартылуы – алаңдататын жағдай. Қостанай облысында 16 жастағы есірткі жасырушы «синтетика» салынған 25 ораммен ұсталды.
– Есірткі айналымымен күрес виртуалды кеңістікте де жүргізілуде, онда биыл үш мыңнан астам есірткі сайты бұғатталды. Сондай-ақ ІІМ қызметкерлері мен еріктілер күн сайын көшелерде есірткі жарнамаларын өшіруде. Алдын алу жұмыстары өте маңызды. Салауатты өмір салтын насихаттауға және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған бес мыңға жуық профилактикалық дәріс өткізілді, – деп атап өтті ІІМ.