Қызылордада автокөлікті масаң күйде басқарған азамат құрықталды
Қызылордада «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында автокөлікті масаң күйде басқарған 28 жастағы азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізушілердің арасындағы ең көп таралған әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі көлікті мас күйінде жүргізу екендігі бәрімізге мәлім.
Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын-алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасын өткізіп жатыр.
Мәселен, 1 қазан күні таңғы уақыт 04:20 шамасында ВАЗ 2107 автокөлігін Қызылорда қаласы Мұхамеджанов көшесі бойында тоқтатып, қала тұрғынының жеке басын анықтау барысында 28 жастағы жүргізуші алкогольді ішімдік ішкендігі анықталды. Құқық бұзушының наркологиялық сараптама нәтижесі бойынша оның жеңіл дәрежелі масаң күйде болғандығы дәлелденді.
Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру –он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді) бойынша әкімшілік хаттама ресімделіп, автокөлігі айып алаңына қойылды.