Абай облысында жол ережесін бұзған 4500-ден астам азамат жауапқа тартылды
Абай облысында қауіпсіздік белдігін және мотошлемді қолдану ережелерін бұзғаны үшін 4500-ден астам адам жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол жүру ережелеріне сәйкес, жүргізуші көлік құралын басқарған кезде қауіпсіздік белдігін тағуы керек, ал екі немесе үш дөңгелекті көлік құралдарымен жүргенде мотошлем киюі міндетті.
Қауіпсіздік белдігін қолдану қажеттілігі туралы айтылып келе жатқанына қарамастан, бұл ережені сақтау әдеті әлі де жүргізушілер мен жолаушылар арасында толық қалыптаспаған. Қолданыстағы талаптар мен айыппұлдарға қарамастан, көпшілігі бұл ережені елемеуді жалғастыруда.
2024 жылы көлік құралын қауіпсіздік белдігін тақпай басқарғаны үшін әкімшілік кодекстің 593-бабына сәйкес, 5 АЕК немесе 18 460 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.
Айыппұлдар – бұл жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жазалау ғана емес. Олар жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, жолдарда тәртіп пен тәрбие қалыптастыруға көмектеседі. Әрбір айыппұл – бұл ЖҚЕ сақтаудың, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына құрметпен қараудың маңыздылығын еске салу.