Полиция кәсіби дағдыларды шыңдау арқылы жұмыс тиімділігін арттырады
Республика бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жауынгерлік және қызметтік даярлық бойынша бірыңғай сабақ өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамадағы өзгерістерді іс жүзінде қолдануға ерекше назар аударылды. Полицейлер зардап шеккендерге қалай дұрыс көмек көрсету керектігін, дағдарыс жағдайларында қалай әрекет ету керектігін егжей-тегжейлі меңгерді.
Сонымен қатар қызметкерлер полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға ықпал ететін Этикалық кодекстің негізгі нормаларын қарастырды.
– ІІО аумақтық бөліністерінің жеке құрамы дәріске толық қатысты. Бұл біліктілікті арттыруға және кәсіби тұрғыда өсуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жұмыстың тиімділігіне оң әсер етеді, — деді ведомствода.
Бірыңғай сабақтар апта сайын өткізіледі.