Алматы облысында полицейлер есірткі зертханасын жойды
Алматы облысындағы есірткіге қарсы күрес полицейлері он үшінші есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралар барысында облыстық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Талғар ауданында жалдамалы үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған 35 жастағы облыс тұрғынын ұстады.
– Тексеру барысында 336 грамм мефедрон психотроптық заты, 36 келіден астам прекурсорлар, сонымен бірге 1 канистр тұз қышқылы және химиялық заттарды синтездеуге арналған реагенттер табылып, тәркіленді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, – дейді полицияда.
Полиция есірткі құралдары мен психотроптық заттардың таралуына қатысты барлық белгілі фактілерді аумақтық ішкі істер органдарына немесе “102” нөміріне хабарлау қажеттігін еске салады.