Елордалық дүкендерден киім ұрлаған күдікті ұсталды
Елордалық дүкендерден киім ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы полиция департаменті жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері 23 жастағы жігітті ұстады, ол спорт тауарларының аттас желісінен киім ұрлаудың үш фактісіне қатысы бар.
Полицияға дүкен өкілі жүгініп, бутиктен құны 110 мың теңгеден асатын Columbia фирмасының ерлер күртесі ұрланғанын хабарлады.
Қауіпсіздік камераларын қарау кезінде жедел уәкілдер сатып алушылардың бірі күртешені киіп, магнит жапсырмасын абайлап жұлып алып, бутиктен шығып кеткенін байқады.
Үш күннен кейін күдікті бір күнде спорттық брендтің 2 бутигінен ұрлық жасаған, ол жерлерден де киімді ұқсас тәсілмен алып кеткен. Сол күні күдіктіні тәртіп сақшылары ұстады.
Қазіргі уақытта ұрлық жасады деген күдікті мойындау көрсетпелерін берді, қылмыстық іс тіркелді.