Түркістан облысында алаяқтық жасаған тұрғынның ісі сотқа жолданды
Түркістан облысында полиция жүргізуші куәлігін жасап беремін деп алаяқтық жасаған азаматтың ісін сотқа жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Созақтық полицейлер алаяқтықтыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған 40 жастағы ер адамды ұстады.
Белгілі болғандай, жәбірленушінің жылдар бойы достасып келген танысы ешқандай емтихансыз, жүргізуші куәлігін алып беремін деп жалған уәде берген. Тұрғын алдын ала 250 мың теңге ақшасын алып, 6 ай бойы алдап келген. Ал ақшаны жеке басының пайдасына жаратып жіберген.
Қазіргі таңда күдікті жігіттің ісі сотқа жолданды.